Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысындағы «қызыл» мәртебесімен ASHYQ бағдарламасын қолданған азаматтардың тізімі
- авторjambylinfo.kz
- 10 қараша, 2021
- 150
Жамбыл облысындағы «қызыл» мәртебесімен ASHYQ бағдарламасын қолданған азаматтардың тізімі
Жамбыл облысының 100 тұрғынына үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу" бойынша 87510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жазалау шаралары қабылданды. COVID-19 инфекциясына оң ПТР тесті нәтижесі бар Жамбыл облысының тұрғындары қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, дәмхана, жоғарғы оқу орындары және т.б. нысандардың қызметтерін пайдаланған.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.
Қиын эпидемиологиялық күндерде тәртіпті сақтау әр адамның азаматтық міндеті. Бұл тек өзі үшін ғана емес, өз балаларының, отандастарының және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін де үлкен жауапкершілік.
Құрметті "ASHYQ"жобасына қатысатын кәсіпкерлер мен мекеме басшылары! Сізден жобаның талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, бұл сізді және сіздің қызметкерлеріңізді, сондай-ақ облыс тұрғындарын короновирустық инфекциядан қорғайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл – тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024