Жамбыл облысында заңсыз жер берген шенеунік сотталды
Ол 4 жеке тұлғаға 465 гектар жалға берілетін жерді заңсыз алуға мүмкіндік бергені анықталды
Жамбыл облысында қызметтік жалғандық жасағаны үшін жер қатынастары саласы бойынша әкімдік қызметкері сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлағандай, лауазымды тұлғаның жер беру кезінде қызметтік жалғандық жасау фактісін Байзақ ауданының прокуратурасы талдау барысында анықтады.
Биыл 29 сәуірде аудандық соттың үкімімен жергілікті атқарушы органның бас маманы мемлекеттік қызметте белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.