Жамбыл облысында “Заң және тәртіп” идеологиясын насихаттау мақсатында іс-шара өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қараша, 2025
- 214
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 20 қазан күнгі кеңес хаттамасында берілген тапсырмаларды орындау шеңберінде, 2024 жылдың 26 қарашасында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемеде жастар арасында идеологиялық-профилактикалық бағыттағы маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, қылмыстың алдын алу және “Заң және тәртіп” идеологиясын кеңінен насихаттау.
Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлері, университеттің аға оқытушысы әрі магистр-психологы А.Т. Абдрахманова және ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар бірлесе отырып құқықтық профилактика мәселелерін талқылап, жас буынға заңсыз әрекеттердің салдары, құқықтық жауапкершілік, құқықтық сана мен тәртіп мәдениетінің маңызы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Психолог маман жастармен мотивациялық және тәрбиелік әңгімелер өткізіп, олардың ой-пікірлерін тыңдап, құқықтық сауаттылық пен жауапкершілік дағдыларын нығайтуға бағытталған тренинг элементтерін қолданды.
ҚАЖ департаменті қызметкерлері мекеменің жұмысы, жазасын өтеу жүйесіндегі тәртіп пен талаптар, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтаудың өзектілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.






