Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді
- авторБақытжан Бекболат
- 25 мамыр, 2025
- 1642

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін сағат 15:08-де Жамбыл облысында жер сілкінісі сезілді
Сейсмологиялық зерттеулер институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тербеліс Құлан ауылында 3 балл, ал Меркіде 2 балл шамасында байқалды.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар тіркелмеген.
Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысында да жер сілкінісі болды. Өскеменде 2 балл, Қатон-Қарағай ауданында 3 баллдық тербеліс сезілген.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
ҚАЖ департаменті дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады
- авторМағжан Орынбасар
- 15 маусым, 2025