жексенбі, 6 сәуір, 2025 18:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жол мәселелері бойынша салалық оқу семинары өтті

Жамбыл облысында жол мәселелері бойынша салалық оқу семинары өтті
Фото - ашық дереккөз
Жиынның мақсаты – қатысушыларды кәсіпорынның қызметтік бағыттарымен кеңінен таныстыру, жол жөндеу жұмыстарындағы шешуші факторларды сараптау және тәжірибелік ұсыныстар енгізу

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының ұйытқы болуымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде салалық оқу семинары өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жиынның мақсаты – қатысушыларды кәсіпорынның қызметтік бағыттарымен кеңінен таныстыру, жол жөндеу жұмыстарындағы шешуші факторларды сараптау және тәжірибелік ұсыныстар енгізу. Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, аймақтағы жол инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Жалпы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» – жол-көлік инфрақұрылымының сапасын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді функцияларды атқарады. Орталықтың негізгі міндеттерінің қатарында орындалатын жұмыстар мен пайдаланылатын материалдардың сапасын сараптамалық бағалау, жол активтерін басқару жүйесін дамыту мен жетілдіру, сондай-ақ халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында төтенше жағдайлар мен жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру шаралары бар. Сонымен қатар кәсіпорын жолдарды орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу арқылы жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап, олардың белгіленген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

– Бүгін біздің кәсіпорынның негізгі қызметін түсіндіру мақсатында атқарушы билік өкілдерімен оқу-семинарын ұйымдастырдық. Шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беру арқылы қызметіміздің маңыздылығы мен пайдалы тұстарын атап өттік. Айта кетейік, жөнделген жолдарға сараптама жүргізу кезінде бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылады. Мәселен, жолдың тегістігі, тығыздығы, беріктігі және сапасы арнайы зерттеу әдістерімен тексеріледі. Бұл процесте заманауи өлшеу құрылғылары мен жабдықтар пайдаланылады. Еліміз бойынша 16 жылжымалы зертхана жұмыс істейді. Олардың бірі біздің облысымызға тиесілі. Жылжымалы зертхананың басты міндеті – жолдарға диагностика жүргізу. Сол арқылы жолдың техникалық жай-күйін бағаланып, оның күрделі, орташа немесе ағымдағы жөндеуді қажет ететінін анықталады. Шын мәнінде, жылжымалы зертхана жол сапасын бақылауда және жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауда маңызды рөл атқарады, – дейді өңірлік филиалдың жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбай.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жол инфрақұрылымының тиімділігін арттыруға және елдегі автомобиль жолдарының сапасын жақсартуға ықпал ететін бірегей кәсіпорын болғандықтан, жолшылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тығыз әріптестік қарым-қатынаста болуы – аса маңызды. Бұл ретте аталған оқу-семинарына аймақтағы 10 аудан мен Тараз және Шу қалалық әкімдіктерінің қызметкерлері сондай-ақ облыс орталығынан шалғайда жатқан бірқатар ауыл әкімдерінің белсене қатысуы қуантады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар