Жамбыл жаңалықтар
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
- авторjambylinfo.kz
- 1 сәуір, 2022
- 262
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Биыл Жамбыл облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беретін құрылыс нысандарына жалпы республикалық және облыстық бюджеттерден 4,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржының 1,2 млрд теңгесі өткен жылдан өтпелі 7 жолды орта жөндеуді аяқтауға бағытталса, 2,6 млрд теңгеге жаңа 7 нысан - 95 шақырым облыстық маңызы бар жол орта жөндеуден өтеді. 650 млн теңгеге жолдарды күтіп ұстау жұмыстары атқарылатын болады. Сондай-ақ, 50 млн теңге Жол активтерінің Сапа орталығының зертханалық сараптамаларына жұмсалмақ.
Бүгінгі таңда, ауарайының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталып кетті. Осы орайда, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС тарапынан Талас ауданында орналасқан 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар Ақкөл-Ойық-Ұланбел автомобиль жолының 56-80 шақырымдарын орта жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылдау рәсімдерін жүргізу сатысында болса, осы жолдың 20-40 шақырымдарын суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар мерзімінен бұрын мамыр айында толық аяқталып, пайдалануға беріледі.
Алдағы сәуір-мамыр айларында жаңа анықталған мердігер ұйымдармен өнідістік-жұмыстарды жүргізу кесетелерін бекіте отырып, жол-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз