Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысында жолдағы жағдай қиындады

Жамбыл облысында жолдағы жағдай қиындады

Жамбыл облысында ауа райы құбылып, жолдағы жағдай қиындады. Әсіресе Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолының бірнеше учаскесінде көктайғақ қалыптасты. Оған түні бойы жауған қар мен сынап бағанасының төмендеуі себеп. Әзірге жол-көлік оқиғалары туралы ресми ақпарат жоқ. Жергілікті полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы ескертпе хабарлама таратып жатыр.