сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 22:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелді

Жамбыл облысында жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелді
Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов облыста жыл басынан бері 3 ана өлімі тіркелгенін мәлімдеді. Биыл Жамбыл облысында медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 2,477 млрд қаражат бөлінді. Оған емдеу-алдын алу ұйымдарына 120 дана медициналық құрал-жабдық алу жоспарланған. Ол брифингте «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы бойынша түрлі бағыттарға тоқталып өтті. Осыған байланысты медициналық жабдықтар алу бағдарламадағы 70-ші бағытқа жатады. Жалпы, Жол картасында денсаулық сақтау саласына қатысты 12 тармақ бар. «Жол картасы бойынша жұмыстарға тоқталар болсам, бүгінде Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер салынуда. Оның құрылысы 2018 жылдың қараша айында басталған. Сондай-ақ облыс бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткішін төмендету, нәресте өлім көрсеткішін азайту бойынша атқарылатын жұмыстарға арналған тармақтар бар. Жалпы, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өңірде 3 ана өлімі тіркеліп, көрсеткіш - 45,0-ді құрады», деді Х.Мырзақасымов.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар