Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 150 нысан пайдалануға беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 7 қазан, 2021
- 131
Жамбыл облысында жыл соңына дейін 150 нысан пайдалануға беріледі
Жыл басынан бері Жамбыл облысында 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, құрылыс көлемі 136,9 млрд теңгені құраған. Ал 2021 жылы жергілікті құрылыс басқармасы арқылы сметалық құны 146,7 млрд теңгені құрайтын 207 жобаға бюджеттен 67,6 млрд теңге бөлініп, іске асырылуда. Жылдың соңына дейін 150 нысан ел игілігіне тапсырылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Аманбай айтты.
«Аталған жобалардың 131-і «Нұрлы жер», 23-і «Жұмыспен қамтудың Жол картасы», 17-сі «Ауыл – ел бесігі», 35-і өзге де даму бағдарламалары бойынша жүзеге асуда. Жыл басынан бері 207 нысанның құрылысына бөлінген қаржының 42,1 млрд тенгесі немесе 99,9 пайызы игерілді», - деген ол ағымдағы жылы 26 білім мекемесі салынып жатқанын айтты. Оның ішінде 19 мектеп, 5 мектепке және 1 колледжге жапсарлас ғимарат құрылысы, 1 мектепті абаттандыру жобасы бар. Оларға 11,1 млрд теңге қаржы қарастырылған екен.
Биыл 11 нысанды пайдалануға тапсыру жоспарланған. Бүгінде 5 мектеп пен 1 жапсарлас ғимарат қолданысқа берілді. Енді 3 мектеп, 3 қосымша ғимараттың құрылысы бітуі керек. Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 313,8 мың шаршы метр немесе 76 көп қабатты үй салынуда, оған 21,9 млрд теңге бөлінген.
«Бүгінде өңірде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 33 460 адам тіркелген. Көп балалы отбасылардың саны – 6 288, әлеуметтік жағынан осал топтағылар – 15 366, 2 819 жетім бала баспанаға мұқтаж, бюджет қызметкерлерінің 8 983-іне пәтер керек. Тұрғын үй кезегінде тұрған адамдарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында биыл 1 402 пәтерлі 30 арендалық және 1 500 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде 2902 отбасы баспанаға ие болады», - деді Әлібек Аманбайұлы.
Оның мәліметінше, жыл басынан бері 1 526 пәтерді құрайтын 27 көпқабатты үй ел игілігіне берілді. Спорт саласындағы 11 нысанның құрылысына 2,7 млрд теңге қарастырылса, 7-еуі жақында тапсырылады. Бүгінде Байзақ пен Меркі аудандарындағы 2 дене шынықтыру ғимараты игілікке жарап тұр. Сол сияқты, 11 медициналық мекеменің құрылысына 16 млрд теңге жұмсалмақ. Жуық арада 4 нысан науқастарды қабылдайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ағаштан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленуде
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024