Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр - Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, бүгін кешке Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында сел жүріп, отызшақты ауылдың ауласын су басқан. Облыс әкімі тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.
Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, оқиға орнында барлық жауапты мекемелер жұмыс істеп жатыр.
“Жағдай менің жеке бақылауымда”,-деп жазды облыс әкімі жеке парақшасына.