бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Облыс әкімі көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Сурет: Jambylinfo.kz
Дүбірлі додаға Жамбыл облысынан 17 спортшы қатысқан еді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан жамбылдық спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткен еді. Турнирге Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысының 17 спортшы қатысып, 7 алтын, 7 күміс, 3 қола жүлде иеленген.

бүгін жарыс жүлдегерлерін арнайы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қабылдап, қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Облыс әкімі өз сөзінде азаматтардың ұлттық спортты ұлықтауға ауқымды үлес қосқанын атап өтіп, алдағы халықаралық жарыстарда жаһанға қазақи құндылықтарды насихаттап, көк туды желбірете беруіне тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, көкпардан ұлттық құрама мүшелерін  1 млн теңгемен, қалған жүлдегерлерді 500, 700 мың теңгенің сертификатымен марапаттады.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күні қазақ күресінен Рауза Нұрмахамметова 56 кг салмақ дәрежесінде 1 орын иеленсе, өзбек ұлттық ойыны кураш күресінен Бекәділ Шәймерден 81 кг салмақта 3 орын иеленді.

Сондай-ақ, кураш күресінен Сүлеймен Ернұр 60 кг, Айбек Қазақбаев 66 кг салмақта және Нұрдін Шаймерден 73 кг салмақта 2 орын иеленіп, дәл осы салмақтағы Әділет Ахметғали 3 орын қанжығаға байлады.

 Түрік халқының ұлттық ойыны ашыртмалы аба гюрешинен Ернұр Сүлеймен 60 кг салмақта мен Әділет Ахметғали 70 кг салмақта 2 орын алды.

Көкпардан ұлттық құрама сапында ел намысын «Ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубынан Құрманбай Есжан, Тұрғанбек Құрманбек, Тоғайбаев Құлажан, Мәлімбай Ернат, Асыл Елдос, Ернар Жарылқасын чемпион атанса, қырғыз ойыны көкбөрүден ел құрамасы қатарында Ислам Рәт және Айнабек Бердіқұлов күміс медаль жеңді.

Құсбегіліктен сайысынан Бабажан Бағдәулет 3 орын иеленді. Ал ұшқыр бәйгеден 1600 метр қашықтықта «Струна» атты Жамбыл облысының сәйгүлігі мәре сызығын 3 болып кесті. Дүниежүзілік көшпенділер ойынында жалпыкомандалық есепте  қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 1 орында болды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар