Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтың шаңырағына барды

Ербол Қарашөкеев чемпионның ата-анасына құрмет көрсетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.