сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 22:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының мектептеріне 2 030 планшет таратылды

Жамбыл облысының мектептеріне 2 030 планшет таратылды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының мектептеріне 2 030 планшет таратылды

Жамбыл облысының мектептеріне 2 030 планшет таратылды. "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық офисі бұл планшеттердің оқушылараға жеткізілуін қадағалайтын болды. Еліміздегі пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылды. Облыстағы 234 мектепте 208 мың оқушы қашықтықтан және эпидемиологиялық жағдай тұрақты шалғай елдімекендерде орналасқан 208 мектепте 30 681 оқушы дәстүрлі түрде білім алуда. Қашықтықтан оқытатын 234 мектептегі 3 861 кезекші 1-4 сыныпта 52 214 оқушы білім алуда. Қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі 17 545 дана компьютер аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілді. Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге 26 483 дана компьютерлік техника сатып алуға республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл ретте арнайы құрылған комиссия құрамы жұмысын жандандырды. "Жамбыл адалдық алаңы" жобалық офисінің жетекшісі Назима Дәрменқызы комиссия құрамына төрағалық етіп, жобалық офис менеджерлері техниканың әр оқушыға жеткізілуін қадағалайтын болады. Қазіргі жағдай бойынша 1 қыркүйекке дейін Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу, аудандарының және Тараз қаласының мектептеріне 2030 планшет таратылды. Алдағы уақытта 2756 компьютер, 20156 ноутбук, 1541 планшет қыркүйек-қазан айларында алынып, оқушыларға таратылатын болады.Бұдан бөлек қашықтықтан оқитын мектептердегі аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балаларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын 22904 роутердің 3107-сі мектептерге жеткізілді. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар