Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысының ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді

Мереке күндері ПД жеке құрамы қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшіріледі.

Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Жамбыл облысының ПД бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев жеке құраммен гарнизондық жиын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.k

Бұл ретте заң мен тәртіпті қамтамасыз ету аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатын болады. Халық көп жиналатын орындарда полицияның патрульдік жасақтары көбейтіледі.