Жамбыл облысының полицейлері бес тәулікте 5 мыңға жуық заң бұзу фактісін анықтаған
Облыста "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткен
"Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасының 5 күнінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 қылмыскерді, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін 6 адамды және 8 “заңсыз иммигрантты" ұстады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, полиция қызметкерлері барлығы 4965 әкімшілік құқық бұзу дерегін анықтаған. Оның ішінде, 1041 адам тіркеусіз немесе құжатсыз тұрғаны, 307 адам ұсақ бұзақылық жасағаны, 303 адам қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 146 бұзақы жауапқа тартылғаны белгілі болды.