Жамбыл облысының тұрғындары полицейлерге құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көмектесуде
Жамбыл облысының тұрғындары полицейлерге құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде көмектесуде
Жамбыл облысының тұрғындары жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ белгіленген қоғамдық тәртіп нормаларын бұзушылықтарды анықтауда полицейлерге көмектесуде.
Бүгінгі таңда тұрақты азаматтық ұстанымы бар кез келген азамат жасалған құқық бұзушылық немесе қылмыс үшін бұлтартпас жаза қағидатының пәрменділігіне көз жеткізе алады. Тек бұзушылық дерегін ұялы телефонға түсіру керек. Біздің аймақ тұрғындарының азаматтық ұстанымының нәтижесінде тәртіп сақшылары ондаған, тіпті жүздеген азаматтардың тыныштығын бұзушыларды жауапқа тартты.
Мәселен, ағымдағы жылдың 4 мамырында Instagram әлеуметтік желілерінің "taraz_v_obektiv" парақшасында белсенді азаматтардың бірі жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандығы туралы ақпарат жүктеген. Айта кетерлігі, кейбір автоәуесқойлар жол қозғалысының белгіленген қағидаларына қарамастан, балалар мен жас аналар арбамен жүретін аллеяға қарай жүріп, сол арқылы апаттық жағдай мен жол-көлік оқиғасының ықтимал қаупін тудырады.
Осы дерек бойынша аталған аймақты бетон плиталармен қоршауға қатысты іс-шаралар кешені жүзеге асырылды, ал барлық тәртіп бұзушылар анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бір ғана мысал, бірақ мұндай деректер көп. Құқық бұзушыларды анықтап, бұзушылықтардың алдын алуға ІІО өткізетін барлық профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысатын блогерлер де көмектесуде.