Жамбыл облысының тұрғындары полицияға 40 дана ұрланған қару тапсырды
Жамбыл облысының тұрғындары полицияға 40 дана ұрланған қару тапсырды
Департамент таратқан мәліметтереге қарағанда, жергілікті тұрғындар өңір комендантының мәлімдемесінен соң, өздері полицияға хабарласып, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақтар мен оқ-дәрілердің жатқан жері туралы хабар беріп жатыр. Қоңыраулар Тараз қаласынан да облыстың аудандарынан да түсіп жатыр. «Полицияның мәліметінше, ұрланған қаруды өткізгендер қылмыстық жауапқа тартылмайды және оның қару өткізгені туралы ақпарат та ешкімге жарияланбайды»,-делінген Жамбыл облыстық Полиция департаменті таратқан ақпаратта