Жамбыл облысының таулы аймақтарында үсік жүреді
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады
29 сәуір күні Жамбыл облысының шығысында, яғни, таулы аудандарында 2 градус үсік түседі, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа-райы сақталады. Найзағай түсіп, кейбір өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, батысы мен солтүстігінде бұршақ жауады. Ал, түнде Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді деген болжам бар.