Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл құсбегі ел чемпионы атанды

Орал қаласында өтіп жатқан құсбегіліктен ересектер арасындағы ел чемпионаты өз мәресіне жетті.

20–21 ақпан күндері Орал қаласында қысқы спорт түрлерінен “Oral Winter Fest – 2026” фестивалі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Фестиваль аясында ересектер арасындағы құсбегіліктен Қазақстан Республикасының XIX чемпионаты ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық сайыпқыран қатысып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты.

Қыран құстарды баптау мен баулу өнерін танытқан саятшылар көрермендерге ата-бабадан жеткен текті мұраның көрінісін паш етті.

Құсбегілікті жетік меңгерген меркілік жас құсбегі Бақдәулет Бабажан аталған чемпионатта жоғары шеберлігін көрсетіп, ел чемпионы атанды.