жексенбі, 17 қараша, 2024 23:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жамбыл су» МКК еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді шараларды қолға алуда

«Жамбыл су» МКК еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді шараларды қолға алуда
ашық дереккөзі
«Жамбыл су» МКК еңбек жағдайын жақсарту бойынша кешенді шараларды қолға алуда
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ірі кәсіпорын басшыларының есептерін тыңдауды жалғастыруда. Осындай кезекті кездесу «Жамбыл су» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында өтті. Кәсіпорын басшысы Медет Беркімбаев өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. «Жамбыл су» МКК 104 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді. Өткен жылы абоненттер саны 1460-қа артқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен коммуналдық қызметтер тарифтерін 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін көтеруге мораторий енгізілген. Таразда сумен қамту қызметтерінің тарифтері ел бойынша ең төменгі тарифтердің бірі болып табылады. Сумен жабдықтау қызметтерінің төмен бағалары рейтингінде Тараз басқа қалалар арасында 4-орында тұр. «Жамбыл су»-да қазіргі таңда 588 адам жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ел Президентінің тапсырмасына сәйкес қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өсті. Медет Беркімбаевтың айтуынша, еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мониторинг барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың 67 фактісі анықталды. Нәтижесінде еңбек жағдайын жақсартуға жұмсалатын қаражат үш есеге артқан.
- Солнечный, Кірпіш, Қант зауыты тұрғын алқабына қызмет көрсететін жеке өндіріс орны 2014 жылы құрылған. Өткен жылы бес айдың ішінде сол учаскіде еңбек ететін 16 қызметкер үшін барлық жағдайы жасалған арнайы ғимарат салынды,-деді баяндамашы.
Бүгінгі күні халықпен кері байланыс жүйеленіп, әрбір шағымдарға толыққанды жауаптар беріліп, тиісті шаралар қабылдануда. Кәсіпорын теңгерімінде 69 бірлік техника бар, оның 26 пайызы ескірген. Облыс әкімі қала әкімі Ержан Жылқыбаевқа бұл мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырды. Қызметкерлер ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқанын жеткізді. Облыс әкімі теңгерімге алынуы тиіс иесіз желілер, люктері ашық, олардың ұрлану мәселелеріне назар аударды. Аймақ басшысы жалпы тұрғынүйлік есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыстарды жандандыруды, тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегін азайту және кәсіпорынның бар берешегін өтеу бойынша шаралар қабылдауды, ұжымдық шарттардың талаптарын сақтау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
- Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ең бастысы – халықпен тиімді диалог орнату екенін үнемі айтып келеді. Біз халықтың өтінішіне құлақ асуымыз керек. Тұрғындардың бірде-бір өтініші назардан тыс қалмауы тиіс. Шағым түскен кезде дереу шара қолданыңыздар. Басты мақсат – көрсетілетін қызметтердің сапасын жыл сайын жақсарту болып табылады , - деді облыс әкімі.
Сымбат Бейсенова.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар