Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды

Жамбыл жүк тасымалының бастығы 800 мың теңге пара алды деп айыпталды

Жамбыл облысында жүк тасымалымен айналысатын мекеменің бастығы парамен ұсталды Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Оған сенсек, ведомствоның Жамбыл облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсізідк комитетінің өңірлік департаментімен бірлесіп жедел іс-шара өткізген. Оның аясында 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығы әшкереленген. Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған. «Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасып жатыр» дейді агенттіктен.