Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 1 100-ге жуық шетелдік студент санақтан өтті
- авторjambylinfo.kz
- 28 қазан, 2021
- 289

Жамбылда 1 100-ге жуық шетелдік студент санақтан өтті
Бүгінде Жамбыл облысының Шу ауданынан басқа, барлық аудандардағы халық санағынан өткен тұрғындар саны ағымдағы есеп көрсеткішіне жетті. Интервьюерлер өңірдегі 272 мыңнан астам тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды аралап шықты. Жалпыұлттық науқан 2021 жылғы 30 қазанға дейін жалғасады, 1-7 қараша аралығында тексеріп аралау кезеңі өтеді.

«М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеттерінде және колледждерде Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдан келген азаматтарды – 1100-ге жуық студентті санақтан өткіздік. Халық санағына дайындық және өткізу барысында тұрғындарға биылғы науқанды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндірілді. Бұл бағытта жалпы 246 баннер орналастырылды», - деді Ерназар Сейтханұлы.

Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз