сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 100 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқыру дерегі анықталды

Жамбылда 100 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқыру дерегі анықталды
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде

Жамбыл облысында прокурорлар 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатың жымқыру фактісін анықтаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ведомствоның мәліметінше, Меркі ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізген.

Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталған.

"Атап айтқанда, бөлім Мыңқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған.

Аталған факті бойынша 2026 жылғы 30 наурызда аудан прокуратурасы ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды", - делінген хабарламада.

Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жарияланбайтыны айтылған.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар