сенбі, 16 қараша, 2024 4:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 127 мыңнан астам адам жер телімі кезегінде тұр

Жамбылда 127 мыңнан астам адам жер телімі кезегінде тұр
ашық дереккөзі
Жамбылда 127 мыңнан астам адам жер телімі кезегінде тұр
Жамбыл облысы бойынша 127 мыңнан астам адам жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде тұр. Соның 11 мыңы бір ғана ауданның еншісінде. Жыл соңына дейін Жамбыл ауданына қарасты 7 елді мекеннің 1052 тұрғыны жер телімін алады. Онда қажетті инфрақұрылым тартылған. Қазір кезекте тұрған азаматтардың құжаттары әзірленіҚР п жатыр. Берілген жерлерге белгіленген мерзім ішінде үй салынбаса, ол өзге тұрғындарға үлестіріледі. Ұзын-сонар кезекті азайту үшін ауданда арнайы жол картасы әзірленіп, жүзеге асырыла бастады. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Қайрат Тілеубаев, аудандық Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы: – Барлық елді мекендерге газ жүргізу, су жүргізу, электр шамын жүргізу, электр сымын жүргізу сияқты жұмыстардың барлығы біткен. Енді бітпей тұрған Аса елді мекеніне қаражат бөлу керек. Бюджеттік тапсырылған ұсыным –578 млн теңге. Ол келесі жылға жоспарланып бөлінсе, Аса елді мекеніне де 811 жер телімін беретін боламыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар