Жамбылда 21-ші «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қаңтар, 2026
- 451
Тараз қаласындағы №61 жалпы білім беретін мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Бұл — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасы аясында Жамбыл облысында ашылған 21-ші мектеп, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салтанатты ашылу рәсіміне Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Сәлемов және Әулие-Ата аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Санжар Абдрайымов қатысты.
— «Жас сақшы» жобасы — өскелең ұрпақты заңды құрметтеуге, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды бастама. Бұл сыныпта оқушылар құқық негіздерін меңгеріп, полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысады, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызын түсінеді, — деп атап өтті Берік Сәлемов.
Салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар және полиция қызметінің ардагерлері қатысты. Жиын барысында 6-7 сыныптардан іріктеліп, «Жас сақшы» қатарына қабылданған оқушылар салтанатты түрде ант қабылдап, оларға арнайы сақшы куәліктері табыс етілді.
Облыс прокуроры түзеу мекемесіндегілермен тілдесті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда көктемнің ең ауқымды екі фестивалі өтеді
- авторМағжан Орынбасар
- 20 сәуір, 2026





