сенбі, 23 қараша, 2024 15:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 354 мыңнан астам жас тұрады

Жамбылда 354 мыңнан астам жас тұрады
ашық дереккөзі
Жамбылда 354 мыңнан астам жас тұрады
Қазақстан азаматтарының, әсіресе жастардың еңбекқорлық қағидатын ұстануы маңызды. Сырттан көмек күтудің қажеті жоқ. Қазір заман басқа, яғни маңызды шешімдердің уақыты, серпіліс жасайтын сәт. Жастар болмаса, мұнымен кім айналысады? Қазір Илон Масктың тәжірибесі мен өмірлік ұстанымын үлгі ету үрдіске айналды. Иә, ол отбасымен бірге шалғай провинциядан Америка Құрама Штаттарына келді. Өзінің креативтілігінің, батылдығының, өзіне тән ерекшелігінің арқасында "Илон Маск феноменін" қалыптастыра алды. Мұндай мысалдар өте көп. Жақында Мен Нью-Йоркте Американың жоғары оқу орындарын бітіріп, америкалық компанияларға жұмысқа орналасқан жастарымызбен кездестім. Мен оларға: "Біз сіздерді Қазақстан азаматтары деп білеміз. Сіздер – қазақсыздар. Нью-Йорк немесе Еуропа елдері болсын, әлемнің дамушы елдері болсын, қай жерде жұмыс істесеңіз де, қазақ болып қаласыздар" деп айттым, – деді Мемлекет басшысы жастармен өткен кездесу кезінде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жастар еліміздің қоғамдық өміріне белсенді түрде араласып, өз ұстанымына берік болып, түрлі идеялар  ұсынып, оларды іске асыруға атсалысқаны жөн. – Абай кезінде "толық адам" деген терең ұғымды енгізді. Абай заманынан оза туды. Ол "толық адам" туралы білім, түсінік, қоғамның қажеттілігі тұрғысынан айтты. Қазір ағылшынша айтылып жүрген "a person of integrity", яғни барлық қарым-қабілеті мен білімі тоғысқан адам дегеніміз осы. Сондықтан біз бәріміз "толық адам", жауапты азамат болуға тырысуымыз керек. Шын мәнінде, біз қоғамымызда тәртіп пен заң үстемдігі культін орнатуға ұмтылуымыз керек. Менің міндетім – еліміздің заңдары әділ болғанын, адамдардың ол заңдарға сенуін қамтамасыз ету. Осы заң аясында қоғамымызда тәртіп болуын талап етеміз, – деп мәлімдеді Президент. Дәл осы орайда мемлекет басшысының тапсырмасына сай облыста жастардың дамуы, олардың жұмыспен қамтылуы бойынша, біршама тыңдырынды тірліктер атқарылып жастқаны жасырын емес. Айталық бүгінгі күні облыста 354 мыңнан астам жас бар (354 039). Жастар облыс халқының 29,1 пайызын құрайды. Жастардың 147 955-і (41,8%) қалада, 206 084-і (58,2%) ауылдық елдімекенде тұрады. Облыста 13 (1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық) «Жастар ресурстық орталықтары» бар. Онда жалпы саны 416 маман қызмет атқарады, оның ішінде 360 маман жастармен етене жұмыс жасауда. Қазіргі таңда барлық «Жастар ресурстық орталықтарында» психолог және теолог мамандары қызмет атқаруда. Облыс бойынша 15 теолог мамандары орталықтарда дін қызметкерлерін тарта отыра жастармен тұрақты жұмыс жасауда. Дін саласы бойынша облыста орталық тарапынан 13 315 адамды қамтыған 539 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар түрлі бағыттарда жастармен психологиялық жұмыстар жүргізіледі. Облыс бойынша  13 психолог маманы жұмыс жасауда. Психологиялық-танымдық бағыты аясында 18 455 жасты қамтыған 747 іс-шара өткізілді. Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» жалпы штат саны 18,5 маман қызмет атқарады, оның ішінде 14 маман жастармен етене жұмыс жасауда. Өңіріміздегі моно қалаларда, яғни, Шу қаласында «Жастар ресурстық орталығы» ашылып, Қаратау қаласында арнайы бөлімі құрылды. А.ж. облыста жастар саясатын жүзеге асыруға жергілікті бюджет есебінен облыстық «Жастар ресурстық орталығына» 56,7 млн. теңге қаржы қарастырылған. 2023 жылы түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыруға                   14,0 млн. теңге қаржы қарастырылған. Облыс бойынша барлық «Жастар ресурстық орталықтарында» NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ашылып, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасайтын инспектор бекітілді. А.ж. І тоқсанында уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі 8,6%-ды (28 258 жас) құраса, а.ж. ІI тоқсанының қорытындысымен уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі 7,1%-ды (21 552 жас) (2022 жылдың II тоқсаны-7,3%) (Республика бойынша көрсеткіш - 7,5% (2022 жылдың II тоқсаны-6,6%) құрап отыр. Яғни, уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесі а.ж. ІI тоқсанында а.ж. I тоқсанымен салыстырғанда 1,5%-ға (6 706 жасқа) төмендеген. А.ж. қорытындысы бойынша  уақытша бос жүрген (NEET) жастардың үлесін 7,8%-ға төмендету жоспарланып отыр. А.ж. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша өңірімізде анықталған 36 987 әлеуметтік мәртебесі анықталмаған жасқа адрестік талдау жұмыстары жүргізіліп, 18 137 жастың мәртебесі «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде өзектендірілді, қалған 18 850 жастың әлеуметтік мәртебесін анықтау және өзектендіру жалғастырылуда. Жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 95 қоғамдық тыңдаулар өткізілді.                    Қоғамдық тыңдауларға уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 2351, пробация тізімінде тұрған 216 жас қатысты. Әлеуметтік қызметтерде уақытша жұмыссыз жүрген жастарға (NEET) жүйелі түрде психологиялық, ақпараттық, консультативтік көмек көрсету бойынша 66 (фокус топтар, семинарлар) өткізілді. Іс-шараға уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 1445 жасқа психологиялық, ақапараттық көмек көрсетілді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы бойынша жалпы 1 520 жас тартылса, оның ішінде 213-і уақытша бос жүрген (NEET), 17-і пробация қызметі есебіндегі жастар. Маусымдық жұмыстар барысында 450 мың м2 аумақ тазаланып, 214,9 тонна күл-қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 670 қураған ағаштар кесіліп, 9 565 ағаш көшеттері отырғызылған. Жамбыл облысында қысқа мерзімдік және қайта даярлау курстарына жалпы 491 жас тартылса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 144, пробация қызметі есебіндегі 5 жас тартылған. Жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарына мемлекеттік және жергілікті қаржыландыру есебінен оқуға жалпы 193 жас тартылса, оның ішінде уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 133 жас тартылған. Бизнес бастауға қайтарымсыз грант және жеңілдетілген несиеге уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) 243, пробация қызметі есебінде тұрған 11 жас тартылған. Қазіргі таңда уақытша жұмыссыз жүрген (NEET) жастар бойынша өзектендіру жұмыстары жалғастырылуда. Неке және отбасылық құндылықтарды сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жыл басынан бері облыстық, Тараз, Шу қалалық және аудандық жастар ресурстық орталығы тарапынан отбасы мәселелері бойынша 3 бағытта жұмыс жүргізілуде. Отбасын құру кезеңінде жас азаматтарға қолдау көрсету, кеңес беру және ақпараттандыру, жастарды отбасылық өмірге дайындау бағыты бойынша отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты балалар», «Бала тәрбиесі», «Тәрбиелі ұрпақ – болашақтың кілті», «Жастарды отбасылық өмірге дайындау», т.б. тақырыптарда 127 іс-шара өткізілді оған 4 449 жас қамтылды және 202 жас отбасы кеңес алды. Ажырасу кезеңінде азаматтарды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағыты бойынша «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз», «Неке және отбасы», «Отбасы құндылықтарын сақтау», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», т.б. тақырыптарда 128 іс-шара өткізілді оған 3126 жас қатысып, 115 жас отбасымен жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, отбасы мәселелері бойынша «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде «Бастау» жұмыс тобы отбасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін шешу мақсатында 727 ұйғарымы бойынша 203 отбасы қолдау тапты және қалған ұйғарыммен 495 отбасымен жұмыс жасалуда. Неке және отбасылық құндылықтарды насихаттау және сақтау, ағартушылық жұмыстар жүргізу бағыты бойынша жастар мен жас отбасыларға профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік және өз отбасына деген сүйіспеншілік, шыдамдылық, жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Біз бақытты отбасымыз», «Бірлікті отбасы жарқын болашақ», «Ерлі-зайыптылардың отбасы алдындағы міндеті», «Ене мен келіннің сыйластығы», «Әйел бақытының сырлары», т.б. тақырыптарда 89 іс-шара өткізілді оған 1534 жуық жас қамтылды. Сонымен қатар, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Өз өмірің өз қолыңда», «Жастардың репродуктивті денсаулығы», «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ», т.б. тақырыптарда 179 іс-шара өткізіліп, 5390 жас қамтылды. «Ұлбала қорғаны» тақырыбында 43 іс-шара өткізіліп, оған 802 адам тартылған және «Қыз тәрбиесі» тақырыбында 61 іс-шара өткізіліп, оған 1545 адам қатысқан. Жыл басынан бері облыстық, Тараз, Шу қалалық және аудандық жастар ресурстық орталығының психолог мамандары «Суицидтің алдын алу» бағыт бойынша іс-шара өткізді. Суицид және оның түрлері, алдын алу шаралары сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағыты бойынша  1950  жасты қамтыған 78 іс-шара өткізілді. Қазіргі таңда суицидтің алдын алу бойынша іс-шаралардың уақытылы жүргізілуі облыс тарапынан бақылауда тұр. Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы                    №203 қаулысымен «2022-2025 жылдарға арналған жастар арасында отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетті көтеруге, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулуға, жұмыссыздықты жоюға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған облыстық прокуратурамен бірлескен кешенді жоспары» бекітілген. Сонымен қатар, а.ж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Жамбыл облысында іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді. Аталған жоспар 11 бағытты көздейді, 100 іс-шарадан тұрады. Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» тарапынан а.ж. 16-18 тамыз күндері Тараз қаласында «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің біліктілігін артыру мақсатында үш күнге созылған оқыту өтті. Оған 100 қызметкер 18 сағаттық оқыту курсынан жастар бастамаларын қолдау, мемлекеттік бағдарламалар, іскерлік хат алмасу, жастарға кеңес беру, психолог мамандарын оқыту бойынша білім алды. Одан бөлек, этнос өкілдері арасында ауызбіршілік  пен достық қарым-қатынасты насихаттауға арналған интеллектуалды облыстық «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» квест ойындары және жастар ресрустық орталығы қызметкерлері арасында өтетін облыстық «Dostyq Cup II» кіші футбол турнирі өтті. Жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жұмысшы жастарды мамандықтарға тарту, жастарға мамандық таңдауға ықпал ету, еңбек нарығында бәсекелестігін арттыру мақсатында «Профи-2023» атты облыстық байқауы өткізілді. Аталған байқауда «barbershop», «Визажист», «Шаштараз ісінің шебері», «Дәнекерлеуші», «Кондитер» номинациялары бойынша облыстың кәсіби жастары өз шеберліктерін сынға салды. Байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 70-ке жуық кәсіби жас қатысты. Жеіңмпаздарға І орынға 100 мың теңге,  ІІ орынға 70 мың теңге, ІІІ орынға 30 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды. Дельфи ойындарының аймақтық іріктеу кезеңі өтіп,  35 жас және 5 ұжымдық топ жүлделі орындарға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. Ағымдағы жылдың 6-8 қазан аралығында Талас ауданы, «Тау самалы» лагерінде 3 күнге созылған өңірдегі жастарды қамтыған «BOLASHAQ JASTAR CAMP» атты облыстық жастарға оқыту лагері ұйымдастырылды. Лагерге 100-ге жуық белсенді жастармен қалалық және аудандық «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері қатысты. Оқыту лагері барысында түрлі спикерлер психология, жастарды дамыту бағытында түрлі іс-шаралар, командалар арасында жарыстар өту жоспарлануда одан бөлек жастарды зияткерлік қабілетін дамыту мақсатында «Oi sheberі» зияткерлік ойыны да өткізіді. Оқыту соңында белсенді болған және жарыстардан орын алған жастар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Өткізілген шаралардың маңыздылығы мен ауқымына және жастардың қамтылуына баса назар аударылуда. Жыл соңына дейін, «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи-танымдық жастар экспедициясын ұйымдастыру жоспарлануда. 2023 жылдың 1 қазанына жұмыспен қамту мекемелерінің ықпалымен 35-жасқа дейінгі 22 907 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда, 10 758 адам ваканттық жұмыс орындарына орналасса, 830 жас онлайн оқытуға, 1 884 түлек жастар практикасына, 306 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 2 422 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, 27 жас «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына,  410 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына сондай-ақ, 3 523 жас «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды, 182 жас қайтарымсыз грант алды. 2023 жылдың 1 қазанына облыс көлемінде 95 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері (Тараз қаласында - 9, Байзақ ауданында - 7, Жамбыл ауданында - 9, Жуалы ауданында - 9, Қордай ауданында - 13, Т.Рысқұлов ауданында - 6, Меркі ауданында - 5, Мойынқұм ауданында - 6, Сарысу ауданында - 7, Талас ауданында - 8, Шу ауданында - 15) ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 551 жұмыс беруші мекеме қатысып, 5 141 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 12 996 жұмыссыз қатысса, оның 4 395-і жастар. Жәрмеңке қорытындысымен 1 730 жас ақылы қоғамдық жұмыстарға, 328 жас әлеуметтік жұмыс орындарына жолданса, 1 665 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 2 289 жас тұрақты жұмыс орындарына жолданып, 9 448 жас консультациялық кеңестер алған. Облыс аумағында волонтерлік қызметпен құрамында       13 мыңнан аса (13 715) волонтері бар 13 ұйым айналыcады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 36, Тараз қаласы мен барлық аудандық Ресурстық орталықтарының жанынан 11 волонтерлық топтар құрылған. А.ж. волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 12 бағытты қамтыған 1 126 іс-шара өткізіліп, оған 16 593 жас қамтылды. 2022 жылы облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» Жастардың әлеуметтік жобаларын, жастар бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында «Жастар ресурстық орталығында» бөлімі ашылды. Бөлімнің қолдауымен 50-ге жуық жас түрлі бағытта жоба жазуға оқытылып, аталған 50 жас «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» 300 және 500 мың теңгелік республикалық шағын гранттарына  қатысып, оның ішінде жамбылдық 28 жас грант иегері атанды. 2023 жыл «Шағын гранттарға қатысу, жобалар жазу» және өңірдегі волонтерлікті дамыту бойынша 6 оқу орындарында бастамашыл топ өкілдеріне 20 оқыту іс-шаралары өтті. Іс-шаралардың басты мақсаты шағын гранттар жобасын іске асыру арқылы жастардың жан-жақты дамуы және жаһандық азаматтықты дамыту. Оқытуға облыс волонтерлері, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттері, Дулати университетінің студенттері, Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының студенттері мен түрлі ұйымдардың белсенділері қатысты. Оқытуларға барлығы          350-ден аса жас қатысып, түрлі бағыттар аясында Жамбыл облысы барлығы 15 шағын грант жеңіп алды. Жақында ғана «Zhas project» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қазіргі таңда жұмыспен немесе оқумен қамтылмаған 35 жасқа дейінгі жастарға қолайлы жағдай жасау. 2023 жылы «Zhas project» жобасы еліміздің 20 өңірінде сомасы 1 миллион теңгеге дейінгі 280 шағын грантты ұсына отырып, гранттық қаржыландыру тетігі арқылы іске асырылады деп жоспарланған. Жамбыл облысына 8 грант бөлініп отыр. Шағын гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдау 22 қазанға дейін жалғасады. Өтініштер қабылданатын аймақтық интернет-ресурстардың мекен-жайлары Жамбыл облысы бойынша ZHASPROJECT0820.KZ сайтынан немесе +7 771 299 0578 телефон номерлері арқылы және біздің орталықтан консультациялар алуға болады. «Қоғам сақшысы» жобасы аясында ғимараттардың қабырғаларындағы синтетикалық есірткі құралдарын жарнамалайтын граффити жазуларды жою бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. А.ж. Жамбыл облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері-нің және 100-ге жуық жас волонтерлердің қатысуымен облыс орталығының үйлері мен ғимараттарының қабырғаларынан есірткі заттарды жарнамалайтын кодтық сөздері мен байланыс нөмірлері бар граффити жазуларды жою бойынша 20 іс-шара өткізіліп, қала бойынша 700-ден астам жазба жойылды.       
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар