жексенбі, 6 қазан, 2024 7:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 4 мыңнан аса маман мен 165 техника қатты желдің зардаптарын жоюда

Жамбылда 4 мыңнан аса маман мен 165 техника қатты желдің зардаптарын жоюда
ашық дереккөзі
Жамбылда 4 мыңнан аса маман мен 165 техника қатты желдің зардаптарын жоюда
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті 14 қараша күні тұрғындар мен қонақтарға ұялы байланыс операторлары арқылы 17-сінен 18 қарашаға қараған түні оңтүстік-батыс бағытта жылдамдығы 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан да жоғары болатын желдің күшеюі туралы СМС-хабарлама арқылы дауылды ескерту жеткізген. Екпінді жел салдарынан жеке және көп қабатты тұрғын үйлердің, әлеуметтік-мәдени нысандардың шатырлары ұшқан. Электр желілерінің үзілуі, ағаштардың, бұтақтардың, электр желілері тіректерінің, жол белгілерінің және билбордтардың құлау жағдайлары орын алған.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында департамент басшысы Ермек Момбаев айтып берді. Өңірдегі жағдайға байланысты ведомство бөлімшелерінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауысқан, табиғи апаттың салдарын жою жөніндегі штаб құрылған. Сондай-ақ, 51-41-67, 51-35-75 нөмірлері бойынша қауырт желі іске қосылған. Оған анықтамалық сипатта 400, көмек көрсету бойынша 17 қоңырау түсіпті.
🔻Ол аймақта 50 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалғанын да мәлімдеді. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары авариялық-қалпына келтіру бригадаларының күшімен жүргізілген. Оған 150-ден астам қызметкер және 35 техника жұмылдырылды. Қатты желдің салдарынан 550-ден аса жеке және көп пәтерлі үйлердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының, әкімшілік ғимараттардың шатырлары ұшқан. Материалдық шығын мен бүлінген объектілердің нақты санын арнайы комиссия белгілейді.
📍Жауапты маман облыстық полиция департаменті қызметкерлері патрульдеу ұйымдастырып, қауіпсіздікті қамтамасыз еткенін жеткізді. Жолдарды тазарту үшін «ҚазАвтоЖол» ЖШС мен мердігерлік ұйымдар 55 адам, 18 техника жұмылдырған. ТЖ департаментінен 28 адам 13 техника шыққан. Зардаптарды жою үшін 4 мыңнан астам адам, 100 авариялық бригада және 165 техника жұмыс істеуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар