Жамбылда 700-ден астам мопед пен скутер жүргізушілеріне айыппұл салды
Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлап отыр
Жамбыл облысында скутер, мопед жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбейген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті жолдарда шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібіне күшейтілген бақылау енгізіп отыр.
Сондай-ақ, хабарламада мопедтер мен электрлік скутерлердің жол-көлік апатын азайту мақсатында облыс орталығының көшелері мен қала сыртындағы трассаларды патрульдеу жұмыстары күшейтілгені жазылған.