Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда 75 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды

The final spritzer

Полиция департаменті азаматтарды кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және  балалармен тиісінше қарым-қатынас жасамау  деректеріне уақытылы ден қойып, тиісінше хабарлау қажеттігі туралы ескертеді.

Жамбыл облысында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Polisia.kz сілтеме жасап.

Профилактикалық рейдтер барысында полиция қызметкерлері 1815 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Оның ішінде ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаудың 176 жағдайы белгілі болды, 1475 ата-ана кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын үйден тыс және кафе-барларда болғаны үшін жауапқа тартылды. 

Тексерумен қамту жұмыстары кезінде 48 қолайсыз отбасы мен 75 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатудың 16 дерегі анықталды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген кәсіпкерлер тарапынан жасалынған 33 бұзушылық дерегі анықталды. Мәселен, қала дүкендерінің бірінде сатушы кәмелетке толмаған жасөспірімге темекі өнімдерін сатқан.