Жамбылда 800 кәсіпкер InfoKazakhstan арқылы кәсібін бастады
Жамбылда 800 кәсіпкер InfoKazakhstan арқылы кәсібін бастады
Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, 17 тамыз сағат 17.00-дегі ақпарат бойынша Жамбылда 800 кәсіпкер https://infokazakhstan.kz/ порталына тіркеліп, 662 кәсіпкер жұмыс жасауға мүмкіндік беретін актісін алған. Өтініш берген 162 кәсіпкер мониторингтің топтың келуін күтуде екен. Ескеріңізге салып өтсек, 14 тамызда ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданып, оған сәйкес бизнестің жұмыс бастау тәртібі белгіленді. Жоғары эпидемиологиялық қатерлерге байланысты кәсіпкерлік қызметке жұмыс істеуді электронды шешімдер жүйесі арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылданды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады. Бұл платформа кәсіпкерлерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады.