Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 92 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырады
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2021
- 162
Жамбылда 92 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын салдырады
Таразда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer Comirnaty препаратымен вакцинациялау науқаны басталды
ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес Comirnaty BioNTech/Pfizer вакцинасымен иммундау басталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, 11 қарашада Жамбыл облысына 40 950 доза вакцина жеткізілді. Бұл препаратпен 12-17 жастағы балалар және 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдер, сондай-ақ емізетін аналар егіледі. 21-28 күннен кейін вакцинацияның екінші кезеңі жүргізіледі. Осы уақытқа дейін халықтың нысаналы топтары арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілген. Бұл жұмыстар жалғасуда. «Жасөспірімдерді вакциналау балалардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін атап өткен жөн. Біздің облыста Pfizer вакцинасымен 139 230 адамды вакциналау жоспарланған. Оның ішінде 92 960 адам - 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, 46 270 - жүкті және бала емізетін әйелдер. Жақын арада өңір бойынша 441 білім мекемесінің медициналық пункттерінде вакцинация жүргізіледі»,-деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, Әсет Қалиев 22 қарашада ревакцинация басталатынын атап өтті. «Біз вирустың штаммының мутацияланғанын көріп отырмыз, сондықтан, ең алдымен, 65 жастан асқан қарт адамдарға, иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға, сондай - ақ алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне, білім беру мекемелері мен ішкі істер қызметкерлеріне ревакцинация жасауды ұсынамыз»,-деді ол. Жалпы, өңірде коронавирусқа қарсы вакцинамен барлығы 631 300 адамды қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта облыстың 576 мың тұрғыны егілді, бұл 91%-дан асады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Таразды шаңды дауыл басты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024