жұма, 22 қараша, 2024 23:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қар басып қалу қаупі бар жол учаскелері 35 шақырымды құрайды

Жамбылда қар басып қалу қаупі бар жол учаскелері 35 шақырымды құрайды
ашық дереккөзі
Жамбылда қар басып қалу қаупі бар жол учаскелері 35 шақырымды құрайды
Жамбылда қар басып қалу қаупі бар жол учаскелері 35 шақырымды құрайды. Оның 21 шақырымы Қордай ауданының, 14 шақырымы Жуалы ауданы аумағында. Қар басып қалу қаупі бар аталған автожол учаскелерінде темірбетонды қар ұстайтын қоршаулар орнатылған және қосымша ағаш қоршаулар әзірленген. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД бастығы Ермек Момбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде айтып берді. Ол облыс аумағындағы автомобиль жолдарын 2020-2021 жылғы қысқы кезендегі күтіп үстауға дайындығы туралы жан-жақты баяндады. «Жамбыл облысының жалпы пайдаланылатын автокөлік жолдарының ұзындығы 4327 шақырымды құрайды, оның ішінде 1152 шақырым-республикалық маңызы бар жолдар және 3175 шақырым жергілікті маңыздағы автокөлік жолдары. Жалпы республикалық маңызды жолға «Қазақавтожол» ЖШС филиалының тарапынан барлығы 63 бірлік техникалары жұмылдырылатын болады. Сонымен қатар, «АрайСтройМаркет» ЖШС-мен қосымша 12 бірлік жол техникасын жалға алуға келісімшарт жасалды. Ал, жергілікті маңызы бар жолдарда 22 мердігер ұйымдар қызмет көрсетеді, олардың теңгерімінде 196 арнайы техника бар. Жалпы, көктайғаққа қарсы себу үшін құм, тұз материалдары да толығымен дайын»,-дейді спикер. Департамент бастығының айтуынша, ағымдағы жылғы қазан-қараша айында республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарға қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдардың, сондай-ақ автожолдардың бойында орналасқан 88 жылыту пунктінің қысқы кезеңге дайындығына арнайы комиссия зерделеу жүргізілген. Айта кетейік, қысқы кезеңде Жамбыл облыс аумағындағы Күйік, Шақпақ, Қордай, Хантау асулары үлкен қауіп төндіреді. Бұл жерлерде метеорологиялық жағдайдың нашарлауы нәтижесінде авариялар, автокөліктердің өткізу қабілетінің төмендеуі және көлік құралдарының жиналуы мүмкін. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар