сейсенбі, 2 шілде, 2024 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда қай жерлерде шомылуға болады

Жамбылда қай жерлерде шомылуға болады
Сурет: gov.kz
Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 13 орын белгіленген

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жалғас Абдуалиев облыстағы шомылуға рұқсаты бар орындарды атады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жалғас Абдуалиев шомылу маусымы кезінде қайғылы жағдайлардың алдын алу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды жіпке тізіп, облыс бойынша шомылуға рұқсат берілген орындарды атап өтті. Оның айтуынша, облыс бойынша шомылу үшін 13 жер белгіленген. 

Олар:

Тараз қаласы бойынша 3 орын:
Талас өзені Тараз-Алматы автомобиль жолының бойында, 
Талас өзені арқылы өтетін көпірдің жанында; 
Талас өзені, «Тектұрмас» кесенесі маңындағы аумақ;

Жамбыл ауданы бойынша 1 орын: «Сеңгірбай» су қоймасы; 

Сарысу ауданы бойынша 1 орын: «Орталық саябақтағы көл»;

Қордай ауданы бойынша 2 орын:
«Алмаз» су қоймасы;
«Саяхат» көпшілік демалыс орыны;

Талас ауданы бойынша 2 орын:
«Жартас» су қоймасы;
«Пионер» су қоймасы;

Шу ауданы бойынша 3 орын:

Тасөткел су қоймасы, Белбасар ауылы;
Шу өзені «Ақ жайлау»;
Шу өзені 109 шақырымы.

Жуалы ауданы бойынша 2 орын:

Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы  

Қарабастау бұлағы;


Еске салайық, өткен жылғы шомылу маусымы кезеңінде 5 адам суға батып қаза болды. Оның ішінде үш бала бар.  Ал, биыл су айдындарында 2 қайғылы оқиға тіркеліп, 4 адам бақиға аттанды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар