Жамбылда бөтеннің көлігінен телефон ұрлаған баукеспе жазаға тартылды
Келтірілген залал мөлшері 170 мың теңгені құрайды
Жамбыл облысы Байзақ ауданында полицейлер көліктен ұрлық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен.
Ол кейінірек көліктегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы - 170 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы жігітті анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады.