дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Байзақ оқиғасында» жарылғыштарды іздеген «Леди» атты ит туралы фильм түсірілді

Жамбылда «Байзақ оқиғасында» жарылғыштарды іздеген «Леди» атты ит туралы фильм түсірілді
Сурет: jambylinfo.kz
Ол төрт жасар бельгиялық овчарка тұқымдас ит

Жамбыл облысы полиция департаментінің Кинологиялық қызметі орталығындағы Леди лақап атымен танылған детектив ит жайлы фильм түсірілді, деп хабарлайды  jambylinfo.kz.

Леди - шабуылдаушы ит, яғни қауіпті қылмыскерлерді ұстауға маманданған, сонымен қатар жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды табуға арнайы үйретілген. Ол кіші инспектор-кинолог Нұрбол Төребекке бекітілген.

Ледидің көмегімен тонау, қарақшылық шабуылдар, кісі өлтіру секілді 80-нен астам қылмыс ашылып, қауіпті қылмыскерлер құрықталған.

"Күмәнді заттарды табу бойынша шақырту түскен кезде бірінші кезекте инспектор кинолог итпен және саперлермен бірге сол жерге барады. Мәселен, 29 мамырда полицияға көшеге қалдырып кеткен иесіз сөмкелерді табу туралы 2 шақырту түсті. Біздің Леди детектив ит екі жерге де барды. Жарылғыш құрылғыларды таппаған ит, полицейге белгі беріп, содан кейін сөмкелерді ашты", - дейді Жамбыл облысының  ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Юрий Наливкин.

Сонымен қатар, Леди 2021 жылы Байзақ ауданындағы орын алған жарылыс кезінде де жарылғыш заттарды іздеуге қатысқан. Қызмет еткен жылдары ол өзін талай мәрте кәсіби, сенімді серік ретінде көрсетті. Бүгінгі күні балаларға арналған көрнекі қойылымдарға қатысады, шабуылдау мен іздеу дағдыларын көрсетуді ол өте жақсы көреді.

Бір ерекшелігі, қазір жамбылдық тәртіп сақшылары елімізде алғашқылардың бірі  болып қызметтік иттерге қарым-қатынас әдістерін арнайы үйретіп, балаларға «дәрігер» ретінде пайдалана бастады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар