Жамбылда білім саласының қызметкерлері 100 пайыз екпе алды
Жамбылда білім саласының қызметкерлері 100 пайыз екпе алды
Жамбыл облысында барлық білім беру саласының қызметкерлері толығымен коронавирусқа қарсы екпе алды. Бүгінгі таңда облыстағы білім саласының қызметкерлері 100 пайыз КВИ-ге қарсы екпе салдырды. Екпе салдырғандардың ішінде балабақша тәрбиешілері, бастауыш сыныпқа сабақ беретін педагогтар, колледж ұстаздары, білім басқармасы мен білім бөлімдерінің қызметкерлері бар. Вакцина салдырған педагогтардың денсаулығы қалыпты. Мектептердегі 25 829 ұстаздың барлығы екпенің 1-компонентін алса, 2-компонентін кестеге сай, 18 000 білім беруші алған. Балабақшалардағы 6 528 қызметкер (1-компоненті – 6 528, кестеге сай, 2-компонентін - 6 300) вакцинацияланған. 1978 қосымша білім беру ұйымдарының педаготары вакцинаның 1-компонентін толық алған. Ал, 2-компонентін кестеге сай, 1780 педагог алды. Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім ордаларында «Ashyq» қосымшасы мектеп қызметкерлері үшін жұмыс істейтін болады. Оқушылар термометрияны, маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтайды. Сыныптарда 2 сағат сайын дезинфекция жүргізіледі. Ал бөгде адамдарға білім мекемелеріне кіруге тыйым салынады.