Жамбылда бір күнде 12 оқушы Pfizer вакцинасын салдырды
Жамбылда бір күнде 12 оқушы Pfizer вакцинасын салдырды
Таразда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer Comirnaty препаратымен вакциналау науқаны басталды. Вакциналау пункті № 5 қалалық емханасында орналасқан Pfizer вакцинасын алғашқылардың бірі болып №42 мектептің 11- сынып оқушысы Николай Юркин қабылдады. Баласын екпе салғызуға әкелген Наталья Маркова вакцинацияға қатысты пікірін білдірді. - «Спутник V» вакцинасын 21 жастағы үлкен ұлым алды, ешқандай жанама әсерлер болған жоқ. Сондықтан кіші ұлымды вакциналау туралы мәселе туындаған кезде, біз бірден келістік. Мектепте бізге Pfizer вакцинасы туралы егжей-тегжейлі айтылды, оның коронавирустан сенімді қорғаныс екендігіне күмәніміз жоқ. Әрине, мен Ана болғандықтан, уайымдадым, түні бойы ұйықтамадым, бірақ бүгін келіп, екпе алдық. Енді 21 күннен кейін вакцинацияның екіншісін аламыз,-деді ол.