Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының қорытынды отырысы өтті

Аталған жоба облыста қанатқақты режімде жүзеге асырылып жатыр

Жамбыл облысында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Жамбыл облысында «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» арнайы жобасын белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Осыған орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы  Ербол Қарашөкеев жемісті жоба алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таба беретініне сенім білдірді. 

Мұнан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасының мақса¬тына тоқталып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мен сақтаудың маңызды¬лығын атап өтті. Сонымен қатар мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мәдениетін, қоғамдағы бірлік пен келі¬сімді нығайтуға баса назар аударды. Бұдан бөлек, жиында  ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі  Қайрат Дүйсембайұлы Баймульдинов пен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері Руслан Алтайұлы Тоқатов баяндама жасап, қоғамдық келісімді нығайту мәселелері, ҚХА ХХХІІІ сессиясының басымдықтары, ҚХА отырыстарында көтерілген өзекті проблемалар жөнінде әңгіме өрбітті.