сенбі, 23 қараша, 2024 10:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда биыл 12 мыңға жуық дәрігердің жалақысы 20-30 пайызға өсті

Жамбылда биыл 12 мыңға жуық дәрігердің жалақысы 20-30 пайызға өсті
ашық дереккөзі
Жамбылда биыл 12 мыңға жуық дәрігердің жалақысы 20-30 пайызға өсті
Жамбыл облысында жыл басынан бері 3248 дәрігердің жалақысы 30 пайызға, 8648 медицина қызметкерінің жалақысы 20 пайызға артты. Жамбыл облысының әкімдігінде өткен кеңесте денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бала туу көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,59 пайызға артып, 25,47 пайызды құрады. Өлім көрсеткіші 3,3 пайызға айналған. Туберкулезден болатын өлім-жітім 25 пайызға, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім 8,8 пайызға төмендеген. «Жыл басынан бері облысымызға 14 жас дәрігер келді, олардың 2-уі облыс орталығында, қалғандары аудандарда жұмыс жасауда. Кадр тапшылығын шешу мақсатында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры мен Жамбыл облысының әкімі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткен жылы Тараз қаласында аталған жоғары оқу орнының филиалы ашылды», - деді Әсет Қалиев. Жыл басынан бері 3248 дәрігердің жалақысы 30 пайызға, 8648 медицина қызметкерінің жалақысы 20 пайызға артты. Медициналық ұйымдардың қажетті құрал-жабдықпен қамтылу деңгейі 87,9 пайызға жетті (өткен жылы – 64,4 пайыз). «Коронавирустық пандемияға қатысты ахуал күн санап нашарлауда. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша жұмыс жасау қажет. Вирус жұқтырғандарды компьютерлік томографиямен қамту керек. Бүгінгі таңда облыс бойынша КТ апараты Қордай, Меркі, Шу аудандарында және Тараз қаласында бар. Қалған аудандар да бұл мәселені шешуі керек», - деп тапсырды облыс әкімі. Басқосу барысында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев те баяндама жасады. Сондай-ақ, аймақ басшысы COVID-19-ға қарсы күресте мониторингтік топтар жұмысының маңыздылығын еске салды. «Коронавирус жұқтырғандардың саны өсуде, дегенмен, бұл өкінішке орай мейрамхана иелері мен той өткізушілерді алаңдатар емес. Сондықтан, қауіпті вируспен күресте мониторинг топтарына маңызды міндет жүктеліп отыр», - деп атап өтті облыс әкімі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар