дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд теңге бөлінген

Жамбылда биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд теңге бөлінген
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд теңге бөлінген мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ербол Қарашөкеев халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты. Оның айтуынша,  облыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31614 адам қамтылған.

  • Биылғы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру»  тапсырмасына сәйкес, 6 мыңға жуық жұмыс орны құрылды, жоспарда әлі 8 мыңдайын ашу жоспарлануда. Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыс бойынша 38 961 жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31614 жұмыс орны қамтылды,- деді Жамбыл облысының әкімі.

Сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың іске асуы нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 42,2 мыңнан 9,5 мың адамға азаяды деп күтілуде.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар