Жамбылда биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд теңге бөлінген
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 43,6 млрд теңге бөлінген мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ербол Қарашөкеев халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты. Оның айтуынша, облыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 31614 адам қамтылған.
Сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың іске асуы нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 42,2 мыңнан 9,5 мың адамға азаяды деп күтілуде.