Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда биыл қызметтік иттер 85 қылмыстың ашылуына көмектесті

Есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша 59 қылмыс дерегі анықталған

Биыл Кинология орталығының қызметтік иттері 108 профилактикалық іс-шараға қатысып, 85 қылмыстың ашылуына көмектесті. Соның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша 59 қылмыс дерегі анықталған,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құқық қорғау саласында қызметтік іздестіру иттерінің орны ерекше. Олардың шынайы адалдығы мен жоғары дайындықтары полиция жұмысының тиімділігін арттырып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосып келеді. Қызметтік иттердің басты міндеті – қылмыстық іздерді анықтап, жоғалған адамдарды немесе қылмыскерлерді іздеп табу.

Иттер полиция қызметіне тартылмас бұрын арнайы дайындық курсынан өтеді. Бұл курстарда олар қылмыс орнында жұмыс істеуге, қылмыскерлерді іздеуге, есірткі мен қаруды анықтауға үйренеді. Мұндай жаттығулар иттердің ерекше қабілеттерін тиімді пайдаланып, қылмысқа қарсы күрестегі маңызды құралға айналуына мүмкіндік береді.

Қызметтік іздестіру иттері тек қылмыскерлерді іздестіруде ғана емес, сонымен қатар табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда көмек көрсету, қылмыс іздерін анықтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді атқарады. Олардың ерекше қабілеттері мен мұқият дайындықтары полицияның көптеген міндеттерін тиімді орындауға көмектеседі.

Қызметтік іздестіру иттері – полиция жұмысының ажырамас бөлігі ғана емес, сонымен бірге адам өмірі мен қауіпсіздігін сақтаудағы сенімді көмекшілері.

Апиза Гүлдана Талғатқызы Жамбыл облысы Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы