Ресми шараға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті Серік Жақсылықұлы Сәлемов, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Таласбекұлы Ибраимов, Жамбыл облыстық спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тәуірбек Әбітайұлы Қарауылтегі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дамир Бұлтбайұлы Буданбеков, Жамбыл облыстық бокс федерациясының вице-президенті, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Әділхан Қайратұлы Әмірханов арнайы қатысып, жаңа орталықтың лентасын қиып, жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты рәсімнен кейін Қазақстандық бокс федерациясының президенті орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысып, бапкерлер және спортшылармен пікір алмасты.
Айта кетиік, «Жамбыл» бокс орталығы спортшылардың толыққанды және үздіксіз жаттығу жүргізуіне қажетті барлық жағдайлармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта орталық базасында Жамбыл облысының құрама командасы тұрақты түрде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізетін болады.





