Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда бруцеллезбен ауыратын малдар анықталып жатыр

The final spritzer

Бүгінге дейін бір ауданда 16 факт тіркелді

Т. Рысқұлов ауданында биыл сарып (бруцеллез) ауруын анықтау мақсатында 434 419 ауыл шаруашылық жануарларынан қан сынамасы алынып, диагностикалық тексерулер жүргізілген, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Т.Рысқұлов ауданының ветеринариялық бөлімінің басшысы Ғабидин Әшімбековтың сөзінше,  сарып  ауруын анықтау үшін жасалған тексерулер нәтижесінде 23 бас малдан оң нәтиже анықталған.  Кесел тиген жануарлар мал сою пунктіне  өткізіліп, қайта өңдеуге жіберілсе, ірі қаралардың 7 басы санитарлық талаптарды сақтай отырып сойылған.