Жамбылда есірткі саудасымен айналысқан күдікті қолға түсті
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Жамбыл облысында синтетикалық есірткі заттарын аса ірі көлемде заңсыз сақтап, өткізуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тараз қаласында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол синтетикалық есірткі заттарын сату мақсатында сақтаған.
Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан жалпы салмағы 29,31 граммды құрайтын 40 орам синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, оның алдын ала жасырған орнынан салмағы 11 грамм 4 миллиграмм болатын тағы 9 орам есірткі табылды.
Бұдан бөлек, 30 жастағы Алматы қаласының тұрғынының Тараз қаласында уақытша тұрған мекенжайын тексеру барысында жалпы салмағы 919 грамм 92 миллиграмм болатын синтетикалық есірткі, электронды таразылар, оқшаулағыш таспалар мен ZIP-пакеттер анықталып, тәркіленді.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.