Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда есірткіні жарнамалайтын 650-ден астам граффити өшірілді
- авторjambylinfo.kz
- 9 шілде, 2021
- 159
Жамбылда есірткіні жарнамалайтын 650-ден астам граффити өшірілді
Жамбылдық полицейлер жыл басынан бері ғимарат қабырғасынан 650-ден астам есірткі граффитиді өшірді.
СҚО-да жыл басынан бері 4 есірткі зертханасы жойылды Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен Жоғары білімді биотехнолог синтетикалық есірткі өндіріп, саудалаумен айналысқан Қазақстанда 10 есірткі зертханасы жойылды Жамбыл облысында полиция еріктілермен бірлесіп «Тараз есірткіге қарсы» акциясын өткізді. Акция барысында есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын Тараздағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы граффити жазбалар жойылды. Рейд нәтижесінде қалада 130-дан астам, ал жыл басынан бері 650-ден астам жазба өшірілді. Сонымен қатар, Жамбыл облысының полицейлері интернет желісіне мониторинг жүргізу арқылы Telegram қосымшасында жұмыс істеген 35 сайтты анықтады. Қазіргі уақытта аталған арналар бұғатталды, сайттар мен жазбаларды орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. «Граффити жазғаны және интернетте көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі яғни, есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалауға үш жылға дейінгі мерзімге, 2-бөлігі бойынша үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы көзделген. Есірткі белгісін жасайтындар есірткі саудалағаны үшін жауап береді және Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, онда бес жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деді Жамбыл облысының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз