дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда инвестиция көлемін 702 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда

Жамбылда инвестиция көлемін 702 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда
Jambylinfo.kz
Көрсеткіш жыл соңына дейін орындалады

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің айтуынша, аймақта 228,5 млрд теңгеге 19 жоба жүзеге асырылуда. Мұның нәтижесінде 1432 жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

-     Жыл басынан бері біз жалпы құны 139 млрд теңгені құрайтын 12 жобаны енгіздік, бұл облыста 405 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Өңірде жаңа өңдеу зауыты, ауыл шаруашылығы техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық, құм қиыршық тас шығаратын завод, сүт өнімдерін өңдейтін цех іске қосылып, «Жайсаң» мыс кен орнын игеру жұмыстары басталды,- деді Ербол Қарашөкеев.

Бүгінгі күні облыстың инвестициялық қоржыны жалпы құны 2,5 трлн теңгелік 70 жобаны құрайды. Оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асқан 1,8 трлн теңгені құрайтын 13 жоба бар.

-    Бұл жобаларды жүзеге асыру қосымша 6,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өңірге инвестиция тарту бойынша жұмысымыз аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін өндіріс орындарының жетіспеушілігі мәселесіне тап болдық. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін біз инвесторларға аумағы 40 мың шаршы метрді құрайтын заманауи өндіріс орындарын салуды ұйғардық. Жобаға қаржы Индустриялық даму қорынан алынды,- деді Жамбыл облысының әкімі.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар