жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда инвестициялық жобалар есебінен 6 мың жұмыс орны ашылады

Жамбылда инвестициялық жобалар есебінен 6 мың жұмыс орны ашылады
Pixabay.com
Жамбыл облысында биыл негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі едәуір өсіп, 245,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,5%-ға артық.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін өңір бойынша инвестиция тарту көлемін 826,4 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш – облыс экономикасын әртараптандыру мен жаңа өндірістерді іске қосу арқылы жүзеге асырылмақ.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2029 жылға қарай Жамбыл облысының инвестициялық портфелі 3,5 трлн теңгені құрайды деп күтілуде. Аталған портфель аясында жалпы саны 62 жоба жоспарланған. Бұл жобалардың басым бөлігі – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және инфрақұрылым бағыттарында жүзеге аспақ.

Аталған жобаларды толық іске асыру нәтижесінде өңірде қосымша 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл, өз кезегінде, Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, халықтың табысын арттыруға ықпал етеді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар