Жамбылда өңірлік ҚАЖ департаментіне 500 кітап тарту етілді
Жамбылда өңірлік ҚАЖ департаментіне 500 кітап тарту етілді
Жамбылда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне 500 кітап тарту етілді. Мұндай игі істі Тараз қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымы жасап отыр. Айта кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында аталған департаментпен кітапхана арасында екіжақты меморандумға қол қойылған болатын. Осынау екіжақты келісім барысында тағы 500 кітап сыйға берілмек. - Кітап тарту еткен кітапхана басшылығына алғысымызды білдіре отырып, ең сабырлы ұстаз саналатын кітаптың жазалы жандардың түзу жолға түсуіне септігін тигізетіне сенім мол, - дейді ҚАЖ департаменті сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық тобының бас маманы Айгүл Танашева.