жұма, 20 наурыз, 2026 18:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда көлігінің мемлекеттік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды

Жамбылда көлігінің мемлекеттік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды
Фото: Polisia.kz
Тексеру нәтижесінде жүргізушінің Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Жамбыл ауданы аумағындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуын анықтады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол жоғары жылдамдықпен қозғалу кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалмау мақсатында мемлекеттік нөмірін әдейі жапқанын мойындады.

"Аталған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалып, сондай-ақ бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу шарасы қолданылды", – делінген ҚР ІІМ таратқан хабарламада.

Жамбыл облысы полиция департаменті 19 наурыздан бастап өңір аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін хабарлады. Іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын бақылау күшейтілетіні ескертілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар